Май Махлангу «Ордабасы» сапына келіп қосылды

26.03.2021, 16:24
Махлангу шымкенттік клубтың ОЖЖ-на қатыса алмады.
Май Махлангу «Ордабасы» сапына келіп қосылды

"Ордабасының" жартылай қорғаушы Май Махлангу команда сапына қосылып, жаттығуларға кірісті, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.

Оңтүстік Африка елінің футболшысы Май Махлангудың клубпен әлі бір жылдық келісім-шарты бар. Бірақ маусымаралық үзіліс кезінде Түркия пандемияға байланысты өз аумағына көптеген мемлекеттің өкілдерін кіргізбеді және бұл тізімге ОАР-да кірді. Сол себепті Махлангу шымкенттік клубтың ОЖЖ-на қосыла алмады.

Махлангу "Ордабасы" командасына 2019 жылы ауысты. Содан бері шымкенттік клуб жейдесінде 55 ойын өткізіп, 4 гол соқты, 2 нәтижелі пас берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×