Май Махлангу Қазақстанға қайта оралды

25.04.2022, 23:35
Африкалық футболшы «Ордабасыдан» кеткелі бері клубсыз жүрген болатын.
Май Махлангу Қазақстанға қайта оралды

Трансферлік терезенің соңғы күндерінде Оңтүстік Африка ұлттық құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы Май Махлангу «Ақсу» клубына ауысты, деп хабарлайды Meta-ratings.kz.

32 жастағы футболшы павлодарлық клубқа еркін агент ретінде қосылды. Африкалық жартылай қорғаушының соңғы клубы «Ордабасы» болған еді. Ол шымкенттік командадан 2021 жылғы маусымның басында кетті. Содан бері Махлангу өз елінде жеке жаттығулар жасап, клубсыз жүрді.

Қазақстан чемпионатында Махлангу 60 кездесу өткізіп, 4 гол соққан, 2 нәтижелі пас берген. Оңтүстік Африка құрамасында тәжірибелі футболшы 19 кездесу өткізіп, екі рет мергендігімен көзге түскен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×