"Ливерпуль" мен Мадридтік "Реалдың" бұрынғы футболшысы Майкл Оуэннің пікірінше, финалға "Бавариядан" көрі, испаниялық топ-клуб лайық.
"Жеке өз басым, бұл жұптың жеңімпазы Чемпиондар лигасын ұтады деп есептеймін. Қазір "Реал" басымдыққа ие", - деген болатын М. Оуэн кешегі жартылай финалдағы бірінші матчтан кейін.
Естеріңізге саламыз, "Бавария" мен "Реал" түндегі теке-текетіресте тең тарқасты. Германияда болған бәсекеде 2:2 есебі тіркелген. Кездесуде алаң иелерінен Лерой Сане (53) мен Харри Кейн (57-пенальти) көзге түсті. Ал "Реал" сапында Винисиус Жуниор дубльдің авторы атанды (24, 83-пенальти). Жауапты ойын сегізінші мамырда Мадридте өтеді.
Біздің серіктес: FONBET