Майкл Оуэн футболмен қош айтыспақ

22.03.2013, 22:44
Майкл Оуэн футболмен қош айтыспақ
«Стоук» клубының 33 жастағы шабуылшысы Майкл Оуэн ағымдағы маусымның соңында футболдық мансабын аяқтайтынын мәлімдеді. Оуэн өзінің спорттық ғұмырында «Ливерпуль», мадридтік «Реал», «Ньюкасл», «Манчестер Юнайтед» секілді командалардың сапында өнер көрсетті.  Өткен маусымнан бастап Майкл «Стоук» командасында ойнап келеді. Ол ағылшын құрамасы сапында 89 кездесу өткізіп, 40 голдың авторы атанды. Ал клубтық деңгейде Майкл 220 гол соғып, Премьер-Лиганың, Англия Кубогының, 3 рет Лига Кубогының, УЕФА Кубогының жеңімпазы атана білді. 18 жаста бола тұра Англия құрамасымен 1998 жылғы Әлем Чемпионатына барып, өзін бүкіл әлемге танытқан еді. Соңғы кездері Оуэнді денсаулыққа қатысты мәселелер жиі мазалағандықтан, шабуылшы футболмен қош айтысуды жөн көріпті. «Ливерпульдің» шәкірті болып, және бар болғаны 17 жасымда алғашқы командамның сапында өнер көрсетіп, кейінірек «Реал», «Ньюкасл», «Манчестер Юнайтед» және «Стоук» клубтарында ойнап, ұлттық құрама сапында 89 кездесу өткізгеннен кейін мансабымды аяқтауға уақыт келгенін сеземін»,- дейді Майкл BBC-ге берген сұхбатында. Дайындаған: Ерғали Елдос
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×