“Қайраттың” 28-жастағы қорғаушысы Маки Баньяк келісімшартының аяқталуына байланысты командада аялдап қала алмады.
Камерундық алматылық ұжымға 2021 жылы келіп қосылды. Содан бері ол “сары-қаралар” үшін 45 ойын өткізіп, 2 гол мен 2 голдық паспен көзге түсті.
Баньяк өз мансабында “Нант”,Реал Сарагоса”, “Адмира”, “Олимпия” және “Партизан” командаларында доп тепті.
Біздің серіктес: FONBET