Макс Эбонг “Астанадан” кетті – “ЦСКА” трансфер құнын жариялады

Бүгін, 02:56

Жартылай қорғаушы Макс Эбонг мансабында жаңа белесті бастады. Беларусь құрамасының ойыншысы елордалық "Астана" сапынан Болгарияның "ЦСКА" (София) клубына ресми түрде ауысты, деп хабарлайды Aladop.kz.

Макс Эбонг “Астанадан” кетті – “ЦСКА” трансфер құнын жариялады

"Астана”  бұл трансферден 500 000 еуро табыс таппақ. Эбонг Cофиялық клубпен үш жылдық келісімшартқа қол қойды.

Макс Эбонг елордалық ұжым сапында 2020 жылдан бері өнер көрсетіп, команданың негізгі тірегіне айналды. 

• 125 матч

• 10 гол, 21 нәтижелі пас

• Қазақстан чемпионы 

• Екі мәрте Суперкубок және Лига кубогы

Айта кетерлігі, "ЦСКА" сапында Эбонг жалғыз емес. Болгариялық клубта Беларусь құрамасының тағы бір ойыншысы — қақпашы Федор Лапоухов өнер көрсетеді. Осылайша, София төрінде Беларусьтік екі талант бірге доп теппек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×