Макс Эбонг: «Атмосфера керемет, жүз пайызға дайынбыз»

12.08.2021, 03:07
Макс жарақатына байланысты алғашқы ойынға қатыспаған еді.
Макс Эбонг: «Атмосфера керемет, жүз пайызға дайынбыз»

«Астананың» жартылай қорғаушысы Макс Эбонг ойын алдындағы баспасөз жиынында журналистердің сұрақтарына жауап берді. 

– Біздің көздегеніміз – тек жақсы футбол көрсетіп, жеңіске жетіп, жанкүйерлерге қуаныш сыйлау. 

– Жарақатыңызға байланысты Финляндиядағы алғашқы матчқа қатыспадыңыз. Сондықтан ертеңгі ойын сіз үшін ерекше болады деп айта аламыз ба? 

– Әрбір ойын – ерекше. Иә, бірінші кездесуді жіберіп алдым, алайда қазір қатарға оралдым. Бұл үшін медициналық штабқа алғысым шексіз. Мен үшін әр матч ерекше. 

– Осы маусымда сіз жартылай қорғаныстың орталық алаңында және қапталда да ойнап көрдіңіз. Қай позиция сіз үшін ыңғайлы? 

– Мен барлығына бой үйретіп үлгердім (күледі). Қай жерде ойна десе – сол жерде ойнаймын. 

– Конференция лигасындағы командалар Еуропа лигасындағы командалардан әлсіз болып көрінбейді ме? 

– Шынымды айтсам, ештеңе сезбедім. Тіптен біздің өткен қарсыласымыз – «Арис» өте мықты команда. Сондықтан бұлай ойламаймын. 

– Команданың ішкі атмосферасы қалай? 

– Атмосфера керемет, жүз пайызға дайынбыз. Жақсы футбол көрсетеміз деп ойлаймын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×