Максим Федин Премьер-лигадағы көшбасшы командаға ауысады

09.06.2022, 03:47
Футболшы жазғы трансферлік терезеде қаржылық қиындыққа тап болған «Тұраннан» кетеді.
Максим Федин Премьер-лигадағы көшбасшы командаға ауысады

Қазақстандық жартылай қорғаушы Максим Федин жазғы трансферлік терезеде «Каспийге» ауысады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Ақтаулық клуб 26 жастағы футболшының көмегіне үміт артып отыр. Бірінші айналымнан кейін «Каспий» Премьер-лигада көш бастап келеді және маусымның екінші бөлігінде шабуыл шебін күшейтуді көздеп отыр.

Осы маусымда Федин «Тұран» сапында бес матч өткізіп, бір мәрте қызыл қағаз алды.

Жазғы трансферлік терезеде қаржылық қиындықтарға байланысты түркістандық командадан бірқатар ойыншылар кетеді деп күтілуде. Олардың қатарында Тони Сильва, Еркін Тапалов сынды футболшылар бар.

Бұған дейін Федин «Ертіс», «Атырау», «Қайсар», «Оқжетпес», «Тобыл» және сербиялық «Суботица» командаларында өнер көрсетті. Қазақстан құрамасы үшін 18 ойын өткізіп, бір гол соққан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×