Максим Самародовтың командасы жеңісті есепті ұстап қала алмады

23.09.2024, 22:31

Грозныйдың "Ахмат" ФК өз алаңында Самараның "Крылья Советов" командасымен 1-1 есебімен тең түсті. Бұл ойында қазақстандық футболшы Максим Самародов негізгі құрамда алаңға шығып, ойынның 80-минутында ауыстырылды. Максим өзіне берілген уақытта гол соқпаса да, нәтижелі паспен көзге түсті.

Максим Самародовтың командасы жеңісті есепті ұстап қала алмады

Екінші таймның орта тұсында Самародовтың сол қапталдан асырған добын Фелипе баспен қақпаға дәл бағыттап, "Ахмат" есепте алға шыққан болатын. Бірақ, алаң иелері бұл басымдығын соңына дейін ұстап тұра алмады. Матчтың 97-минутында "КС" ойыншылары тайлы-тұяғымен шабуылға ұмтылып, қақпа алдындағы қарбалас сәттердің бірінде Доминик Орос таразы басын теңестіріп кетті. Осылайша, грозныйлық клуб қолда тұрған жеңісті уысынан шығарып алды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×