Максим Самородов: Біздің мақсат біреу, үнемі жеңіс үшін ғана ойнаймыз

27.03.2025, 01:06

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Максим Самородов Уэльс пен Лихтенштейнге қарсы ойындағы өнерін қортындылап, ұлттық команданың мақсаты жайлы айтты. 

Максим Самородов: Біздің мақсат біреу, үнемі жеңіс үшін ғана ойнаймыз

«Бұл футбол, эмоциялар басым болады кейде. Кей-кездері өзіңді қолға алып, сезімдеріңе ырық бермеуге де тура келеді. Бірақ не істей аламын, менің мінезім сондай болған соң... 
Бұл жерде оңай ойындар болмайтыны түсінікті. Бүкіл құрамалар Әлем чемпионатына шығу үшін барын салады. Біздің мақсат біреу ғана, үнемі жеңіс үшін ғана ойнаймыз», - деді М. Самородов. 
Максим Самородов ӘЧ-2026 іріктеуінде Лихтенштейн қақпасына бір гол салып, ассисттің авторы атанған. Жартылай қорғаушы «Ахмат» сапында табысты маусым өткізуде - 15 ойында 3 рет мергендік танытып, 2 голдық пас шығарды. Футболшының нарықтық бағасы 1,80 мың еуро.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×