Максим Самородов бүгін тағы гол сала ма?

15.03.2025, 13:11

Қазақстан құрамасы мен грозныйлық «Ахматтың» жартылай қорғаушысы Максим Самородов бүгін РПЛ-дің 21-турында «Химкиға» қарсы кездесуде өнер көрсетпек.

Максим Самородов бүгін тағы гол сала ма?
Максим Самородов

Матч мәскеудің «Арена-Химки» спорт кешенінде өтеді. Кездесудің басталатын уақыты 16:30.

Бұл «Ахмат» үшін аса маңызды кездесу. Себебі, грозныйлық команда қазір ресейдің жоғары дивизионындағы орнын сақтап қалу үшін күресуде - 20 турдан кейін 17 ұпаймен 14-орынға жайғасқан. Ал «Химки» 12-сатыда. 

Максим Самородов осы маусымда грозныйлық команда сапындағы 14 ойында 3 рет мергендік танытты. Сондай-ақ, тағы 2 ассист берген. Өткен турда «Ахматтың» үздік сұрмергені сырт алаңда мәскеудің «Локомотивінің» қақпасына әдемі гол соғып, 20-турдың символикалық құрамына енген болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×