Максим Самородов: “Черчесов келген соң командада атмосфера жақсарды”

21.09.2025, 08:00

"Ахмат" клубының шабуылшысы Максим Самородов бас бапкер ауысқаннан кейінгі команданың жағдайы туралы пікір білдірді. 

Максим Самородов: “Черчесов келген соң командада атмосфера жақсарды”

Қазақстандық футболшы Ресейлік маман Станислав Черчесов "Ахматтың" тізгінін ұстаған сәттен бастап, ұжымның көңіл-күйі мен ойын тәртібі айтарлықтай өзгергенін атап өтті.

"Черчесов келгеннен кейін командадағы атмосфера әлдеқайда жақсы болып, серпін пайда болды. Бәріңіз көріп отырсыздар, біз Станислав Саламовичтің басшылығымен әлі жеңіліс таппадық. Бұл көп нәрседен хабар береді.” – деді Самородов.

Қазір "Ахмат" біріншілікте тұрақты нәтижелер көрсетіп, турнирлік кестеде сенімді қадам жасауда. Черчесовтың тәжірибесі мен тәртіпке негізделген жұмысы команданың ойынында көрініс табуда. Самородовтың айтуынша, ойыншылар арасындағы бірлік те күшейіп, әр матчқа ерекше жігермен дайындалады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×