Максим Самородов: екінші таймда гол жіберген жоқпыз, бұл да абырой

Бүгін, 15:05

Максим Самородов кеше Алматыда Аустриямен өткен ойын жайлы пікірін айтты (0:2).

Максим Самородов: екінші таймда гол жіберген жоқпыз, бұл да абырой
Максим Самородов Қазақстан құрамасының сапында

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы аталған матчты негізгі құрамда бастап, екінші таймда өзінің орнын Ғалымжан Кенжебекке босатқан болатын.

«Эмоцияларды керемет деуге келмейді, жеңілдік, тағы да гол соға алмадық және әлі де нөл... Бұл жағдай қуанта алмайды, алайда, меніңше біз жаман ойнаған жоқпыз. Мүмкін, қызыл қағаздың теріс әсері болған шығар, не дегенмен 70 минут азшылықта өнер көрсеттік қой. Соның өзінде екінші таймда гол жіберген жоқпыз, бұл да абырой», - деді «Ахматтың» жартылай қорғаушысы.

Қазақстан құрамасы енді Ұлттар Лигасындағы соңғы кездесуін 17-қарашада Норвегияға қарсы өткізеді. Станислав Черчесов жаттықтыратын ұлттық құрама бес турдан кейін бір ұпаймен Аустрия, Норвегия мен Словениядан кейін соңғы орынға табан тіреді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Масқара 3
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×