Максим Самородов ең төмен бағаның бірін алды

04.11.2024, 09:33

Кеше РПЛ-дің 15-турында «Ахмат» пен «Пари НН» командалары жолықты.

Максим Самородов ең төмен бағаның бірін алды
Максим Самородов «Ахмат» сапында

Бұл матчта алаң иелерінің сапында Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Максим Самородов негізгі құрамда шығып, 78-минутқа дейін өнер көрсетті. Футболшы ойын барысында жарақат алып қалған болатын. Flashscore сайты қазақстандықтың өнерін 6,2 деп бағалады. Бұл осы ойындағы грозныйлық футболшылардың арасындағы ең төменгі бағаның бірі. Самородовтан кейінгісі тек қақпашы Гиоргий Шелияда (5,7). Ал матчтың өзіне келер болсақ, алаң иелері 0:2 есебімен жол берді. Грозныйлық клуб келесі ойынын 10-қарашада «Зенитке» қарсы өткізеді. 

Айта кетейік, Максим Самородов биыл «Ахмат» жейдесінде РПЛ-дің сегіз кездесуіне қатысып, екі голдық пас шығарған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×