Максим Самородов Қазақстан жеңісінің сырымен бөлісті

26.03.2025, 12:57

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Максим Самородов Лихтенштейнге қарсы өткен ойын жайлы ойын ортаға салды.

Максим Самородов Қазақстан жеңісінің сырымен бөлісті
Максим Самородов

Sportnews.kz-ке берген сұқбатында «Ахматтың» футболшысы матчтың барысы мен ұлттық құраманың жоспары туралы тілге тиек етті.

«Жеңіс, үш ұпай – тапсырма орындалды. Алғашқы 30-35 минут өзіңіз айтқандай, аздап қысылыңқырап ойнаған шығармыз. Себебі, қарсыласты зерттеп, зерделедік. Өз алаңында қалай қимылдайтынын байқасақ дедік. Осыдан кейін барып, барлығы біздің жоспарға сай өрбіген болатын. Бірінші таймның соңына қарай алдын-ала ойластырғандай ойнадық. Нәтижесінде үш ұпай, Құдайға шүкір», - деді жартылай қорғаушы.

Максим Самородов Вадуцтегі матчта бір гол мен ассисттің авторы атанып, Қазақстан сапындағы үздік футболшы танылды. Бұл ойыншының ұлттық команда жейдесіндегі төртінші добы. М. Самородов Қазақстан сапында 23 кездесуде доп тепкен.    

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×