Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Максим Самородовты «Ахмат» жанкүйерлері өткен айдың үздік ойыншысының бірі деп есептейді.
Грозныйлық клубтың әлеуметтік желілерінде жүрген дауыс берудің нәтижесінде 18 бал жинаған шабуылшы Лечи Садуллаев бірінші болса, Максим Самородовқа жанкүйерлер 13 бал беріпті. Қазанның үздігі номинациясын 9 балмен Амин Талал түйіндеген.
Қазақстандық футболшы «Ахматқа» тамыз айында ауысты. Содан бері 12 ойынға қатысып, гол мен пас жүйесінде 1+1 нәтижесін көрсеткен болатын. Самородов сондай-ақ, ұлттық команданың осы айда Аустрия мен Норвегияға қарсы ойындарына қатысатын футболшыларының негізгі тізімінде. Ұлттар Лигасындағы бұл екі ойын 14-і мен 17-қарашаға жоспарланған.
Біздің серіктес: FONBET