Максим Самородов маңызды матчта «Ахматқа» жеңіс сыйлады

13.04.2025, 09:48

Қазақстан құрамасы мен грозныйлық «Ахматтың» жартылай қорғаушысы Максим Самородов РПЛ-дің 24-турында «Ростовқа» қарсы кездесуде көзге түсті - 67-минут (2:0).

Максим Самородов маңызды матчта «Ахматқа» жеңіс сыйлады
Максим Самородов

Алаң иелері маңызды матчты 2:1-мен жеңіп турнирлік кестедегі жағдайын жақсартып алды. 

Бұл 23-жастағы футболшының грозныйлық команда жейдесіндегі Ресей премьер-лигасында өткізген 18 кездесуіндегі 4-добы. Ал жалпы, барлық турнирлердегі 24 ойында 6 рет мергендік танытты. 

Танымал Candidate_Kairov телеграмм-арнасы М. Самородовтың өнері жайлы мынадай жазба қалдырған болатын; 

Максим Самородовтың «Ахмат» сапында соққан кезекті голын қараңыздар. Қандай керемет!

Енді осылай жазда құрама сапында соқса екен.

Айтпақшы, осы көктемде бірнеше топ-клуб «Ахматқа» Макстың трансфері жайында ресми ұсыныс жасаған еді, бірақ грозныйлық ұжым оны қарастыруға дайын емес екенін жеткізді». 

Максим Самородовқа мәскеулік топ-клубтар мен «Краснодар» қызығушылық танытқан мәлім. Бірақ, грозныйлық команда қазақстандық жартылай қорғаушыны жіберуге құлықты еместігін анық аңғартты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×