Максим Самородов: меніңше «Ахмат» «Қайраттан» мықтырақ...

20.10.2025, 13:25

Қазақстан құрамасы мен грозныйлық «Ахмат» жартылай қорғаушысы Максим Самородов «Совспорт» порталына сұқбат берді.

Максим Самородов: меніңше «Ахмат» «Қайраттан» мықтырақ...
Максим Самородов

Онда 23 жасар футболшы өзі өнер көрсететін клубты алматылық «Қайратпен» теңеп, грозныйлықтардың деңгейі жоғары екеніне назар аударған болатын.

«Меніңше, «Ахмат» «Қайраттан» мықтырақ», - деді футболшы.

Кеше Максим РПЛ-дің 12-туры аясында «Ахмат» сапында сырт алаңда мәскеулік «Динамоға» қарсы ойында доп тепті. Отандасымыз осы ойынды бастапқы құрамда бастап, 75-минутқа дейін өнер көрсеткен болатын. Биылғы маусымда Самородов Ресей премьер лигасында грозныйлық клуб сапындағы 12 бәсекеде 4 ассисттің авторы атанды. Жартылай қорғаушының нарықтық бағасы 2, 50 млн еуро.   

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 5
Күлкілі 1
Масқара 1
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×