
Қазақстан құрамасы мен «Ахматтың» жартылай қорғаушысы Максим Самородов РПЛ аясында «Ростовқа» қарсы болған ойын туралы пікірін айтты.
Айта кетейік, 23-жастағы футболшы кеше гол салып, командасына үш ұпай сыйлады.
«Алаңдағы агрессияны арттырып, бірінші таймда жіберген қателіктерімізді түзеттік. Үзіліске дейін болған олқылықтардың орнын толтырған соң, ойын түзеліп, нәтижеге де әсері болды. Әр ойынға деген мақсат жалғыз - жеңіске жету. Үш ұпай үшін күресіп, ілгері қадам басу», - деді М. Самородов клубының баспасөз-қызметіне берген сұқбатында.
Максим Самородов РПЛ-дің 18 кездесуінде 4 гол салып, турнирдің көктемгі бөлігінде нағыз көшбасшыға айналды. Жалпы, грозныйлық команда жейдесіндегі барлық турнирлердегі 24 матчта 6 рет мергендік танытқан. Жартылай қорғаушының нарықтық бағасы 1.8 миллион еуро.
Біздің серіктес: FONBET