Максим Самородов Ресей чемпионатында дубль авторы атанды

28.10.2025, 00:00

Ресей Премьер-лигасының 13-турында «Ахмат» клубы өз алаңында «Сочиді» қабылдады.

Максим Самородов Ресей чемпионатында дубль авторы атанды

Екінші таймда алаңға шыққан Максим Самородов қос бірдей гол соқса да, команадасын жеңілістен құтқара алмады. Қонақтар өз кезегінде 4 бірдей гол салып, жеңісті жұлып алды.

Айта кетейік, бұл Максимның осы маусымдағы чемпионаттағы алғашқы голдары. Қос голдың арқасында отандасымыз Flashscore қосымшасы бойынша 8,8 ұпай алды, Бұл матчтағы ең үздік көрсеткіш.

Дәл қазіргі сәтте Станислав Черчесов баптайтын «Ахмат» клубы 16 ұпаймен 9-орында тұр. Ал «Сочи» командасы 8 ұпаймен 15-орынға көтерілді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×