Максим Самородов Ресей чемпионатындағы ең жылдам футболшылардың тізіміне енді

22.08.2025, 13:04

Қазақстан құрамасының және Грозныйдың «Ахмат» клубының ойыншысы Максим Самородов Ресей Премьер-лигасындағы ең жылдам ойыншылар тізімінде екінші орынға жайғасты.

Максим Самородов Ресей чемпионатындағы ең жылдам футболшылардың тізіміне енді

Максим сағатына 33,23 км жылдамдық көрсеткішімен үздіктер қатарынан көрінді. Бірінші орында оның «Ахматтағы» әріптесі Лечи Садулаев (33,26 км/сағ). Үздік үштікті «Рубин» ойыншысы Дардай Шабаханджай (33,19 км/сағ) түйіндеді.

Айта кетейік, осы маусымнан бастап Самородовтың командасын Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Станислав Черчесов жаттықтырады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×