Максим Самородов: Ресеймен шеберлік байқап көру қызық болатын еді

04.04.2025, 20:43

Қазақстан құрамасы мен «Ахматтың» жартылай қорғаушысы Максим Самородов РБ Спортқа сұқбат беріп, РПЛ деңгейі мен Ресей құрамасы мен Қазақстан арасында жолдастық ойын өткізу туралы пікірін білдірді.

Максим Самородов: Ресеймен шеберлік байқап көру қызық болатын еді
Максим Самородов

«Бұл ойынды өткізіп көру керек. Жеке өз басыма Ресеймен шеберлік байқап көру қызық болатын еді, неге олай етіп көрмеске? Бұл ойын Лихтенштейнге қарсы ойнағаннан әлдеқайда пайдалырақ, себебі қарсыластың деңгейі анағұрлым жоғары. 

Ресей чемпионатында 100 пайыз еуропалық деңгей сақталған. Еурокубоктік турнирлерде пәлендей айырмашылық байқалады деп ойламаймын. Меніңше, ресейлік командалардың деңгейі еуропалық клубтардікімен бірдей», - деді М. Самородов. 

Максим Самородов наурызда грозныйлықтар сапында төрт ойында өнер көрсетіп, бір голдың авторы атанған. 

Ал жалпы осы маусымда 23-жастағы футболшы 16 ойында 3 рет мергендік танытып, 2 ассист берген. Бұдан бөлек, Қазақстан құрамасының сапында ӘЧ-2026 іріктеу аясында Лихтенштейн құрамасының қақпасына гол салып, бір ассисттің авторы атанды. М. Самородов сол матчтың үздік футболшысы атағын иеленгенін де қоса кетейік. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×