
Максим Самородов
Қазақстан құрамасы мен «Ахматтың» жартылай қорғаушысы Максим Самородов РПЛ-дің 23-туры аясындағы «Факелге» қарсы ойынды негізгі құрамда бастап, 86-минутқа дейін өнер көрсетті.
Flashskor грозныйлық футболшының ойынын 6,7 деген баллмен бағалады. Воронеждегі матчта жеңімпаз анықталған жоқ - 0:0.
Бұл 23-жастағы футболшының Ресей премьер-лигасындағы 17-ойыны. Осыншама кездесуде М. Самородов 3 гол соғып, екі ассист берген. Ресей Кубогі жолындағы 5 ойында 2 рет мергендік танытты.
«Ахмат» 23 турдан 20 ұпаймен 13-орынға жайғасқан.
Біздің серіктес: FONBET