Максим Самородов РПЛ-де үздік атануға жақын

10.04.2025, 20:40

Ресей Премьер-Лигасының баспасөз қызметі наурыз айындағы ең үздік голға дауыс беруді бастап кетті.

Максим Самородов РПЛ-де үздік атануға жақын
Максим Самородов

Аталған марапатқа сегіз түрлі футболшының соққан сегіз голы үміткер. Олардың қатарында Қазақстан құрамасы мен грозныйлық «Ахматтың» жартылай қорғаушысы Максим Самородов та бар.

Тізімнің толық нұсқасы мынадай; 

— Батчи («Краснодар», «Пари НН» қақпасына 20-шы турда салған голы);

— Максим Самородов («Ахмат», «Локомотив» қақпасына 20-шы турда салған голы);

— Максим Осипенко («Ростов», «Оренбург» қақпасына  20-шы турда салған голы);

— Стефан Лончар («Акрон», «Крыльев Советов» қақпасына 20-шы турда салған голы);

— Дмитрий Воробьев («Локомотив», «Динамо» қақпасына 21-ші турда салған голы);

— Артур («Динамо», «Локомотив» қақпасына 21-ші турда салған голы) 

— Луис Энрике («Зенит», «Спартак» қақпасына 21-ші турда салған голы);

— Иван Сергеев («Крылья Советов», «Локомотив» қақпасына 22-ші турда салған голы).

Максим Самородов наурызда грозныйлықтар сапында төрт ойында өнер көрсетіп, бір голдың авторы атанған. 

Ал жалпы осы маусымда 23-жастағы футболшы 17 ойында 3 рет мергендік танытып, 2 ассист берген. Бұдан бөлек, Қазақстан құрамасының сапында ӘЧ-2026 іріктеу аясында Лихтенштейн құрамасының қақпасына гол салып, бір ассисттің авторы атанды. М. Самородов сол матчтың үздік футболшысы атағын иеленгенін де қоса кетейік.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Масқара 1
Серіктес жаңалықтары
×