Максим Самородов топ-клубқа дайын. Маманның пікірі

16.04.2025, 20:23

Қазақстан құрамасы мен «Ахматтың» бұрынғы бас бапкері Магомед Адиев Максим Самородовтың өнеріне өз бағасын берді.

Максим Самородов топ-клубқа дайын. Маманның пікірі
Максим Самородов

«Иә, Ахматтың соңғы ойындарын қарадым. Максимнің шеберлігі шыңдалып келеді. Басында оған оңай болған жоқ, қалай дегенмен де РПЛ деңгейі жоғарырақ басқа лига ғой. РПЛ-де мықты клубқа ауысуға дайын ба? Иә, меніңше Самородов оған дайын және үлкен командалардан ұсыныс түседі», - деді М. Адиев. 

Максим Самородов РПЛ-дің 18 кездесуінде 4 гол салып, турнирдің көктемгі бөлігінде нағыз көшбасшыға айналды. Жалпы, грозныйлық команда жейдесіндегі барлық турнирлердегі 24 матчта 6 рет мергендік танытқан. Жартылай қорғаушының нарықтық бағасы 1.8 миллион еуро.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×