Максим Самородовқа талас жалғасуда. Басты фаворит «Спартак» па?

21.03.2025, 13:48

Ресейлік Bobsoccer.ru басылымы Максим Самородовтың мықты тұстарына тоқталды.

Максим Самородовқа талас жалғасуда. Басты фаворит «Спартак» па?
Максим Самородов

Сайт журналисі Қазақстан құрамасы мен «Ахматтың» жартылай қорғаушысы мәскеулік «Спартак» үшін лайықты кандидат екенін тілге тиек еткен. Айта кетейік, жуырда біраз БАҚ-та 22-жастағы футболшыға ресейлік топ-клубтардың қызығушылық танытып жатқандығы жайлы ақпараттар тараған еді. 

«Самородовтың бейімделудегі әлеуеті өте жоғары. Ол жаңа ортаға өзінің жақсы қасиеттері мен табанды мотивациясының арқасында тез сіңісіп кетеді. Деян Станковичтің комбинациялық футбол мәнері футболшыға қолайлы болар еді: Самородов комбинациялық ойынды жақсы көреді, алаңда жылдам шешім қабылдап өзгерістерге әрдайым дайын екендігін паш етеді. Ол жаңа идеяларға ашық және сербиялық маманның талаптарына дереу бой үйрете алады. Мұның барлығы ойыншыны «Спартак» үшін лайықты үміткер қатарына қосуда. 

Футболшының «дұрыс» төлқұжатын ескерсек әзірге тек жай қызығушылық нақты ұсынысқа ұласуы бек мүмкін. 

Әріптестер, сіздерге қалай бұл үміткер?», - делінген ресейлік журналистің жазбасында. 

Максим Самородов РПЛ-де 15 матчта 3 гол соғып, 2 ассист берді. Сондай-ақ, Ресе Кубогінің бес кездесуінде 2 голдың авторы атанды. Жуырда футболшының нарықтық бағасы қымбаттап 1,8 млн еуроны құрады. 22-жастағы ойыншы ертең түнде Қазақстан құрамасының сапында Уэльске қарсы өнер көрсетеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×