Flashscore.com сайты қазақстандық шабуылшы, «Ахмат» ойыншысы Максим Самородовтың Ресей Премьер-Лигасының алтыншы турында «Оренбургке» (2:2) қарсы өткен ойынын бағалады.
Самородов «Ахмат» сапында негізгі құрамда алаңға шығып, 56-минутта нәтижелі пас берді (жаңа маусымдағы РПЛ-дегі алғашқысы), ал 70-минутта алмастырылды. Қазақстан ұлттық құрамасының футболшысы өз ойыны үшін, Flashscore тарапынан 7,1 ұпай алды. Бұл грозныйлық команданың барлық ойыншылары арасындағы төртінші ең жоғары баға.
Айта кетейік, матч барысында «Ахмат» «Оренбургке» екі доп айырмасымен ұтылып жатып, алаңда тоғыз ойыншымен қалды. Соған қарамастан, команда тең нәтижені (2:2) тіркеді.