Максим Самородовтың трансферлік құны өсті

19.03.2025, 17:53

Қазақстан құрамасы мен грозныйлық «Ахматтың» жартылай қорғаушысы Максим Самородов 600 мың еуроға қымбаттады.

Максим Самородовтың трансферлік құны өсті
Максим Самородов

Дәл қазір оның трансферлік бағасы 1, 8 млн еуроны құрайды. 

Айта кетейік, Максим Самородов РПЛ-24/25 маусымындағы 15 бәсекеде 3 гол салып, 2 ассист берген. Сондай-ақ, Ресей Кубогіндегі 5 кездесуде 2 рет мергендік танытты. 

22-жастағы ойыншы қазір Қазақстан құрамасының қатарында ӘЧ-2026 іріктеу кездесулерінің аясындағы Уэльс пен Лихтенштейнмен болатын матчтарға дайындалуда. Максим Самородов Қазақстан құрамасының жейдесінде 21 бәсекеде өнер көрсетіп, 3 доп соққан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×