
Дженнифер Лопестің Астанадағы концертіне жауапты "Астана концерт" компаниясының продюсері Мәлік Хасенов жалған ақпарат таратқаны үшін goalkz_official паблигін сотқа берді. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында хабарлады.
goalkz_official жақында Дженнифер Лопестің концертіне шамамен 14 миллиард теңге бөлінетіні туралы ақпарат таратқан.
Мәлік Хасенов жалған ақпарат таратқандарды сот арқылы жауапқа тартуды мақсат етіп отырғанын айтып, бұл іс Қазақстандағы спорттық медиаларда ақпарат таратуды реттеу бойынша үлкен мысал болатынын атап өтті.
Айболат Өнер
Біздің серіктес: FONBET