"Манчестер Юнайтед" клубы келер жылдың жазында "Брайтон" жартылай қорғаушысы Карлос Балебаны өз құрамына қосуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Aladop.kz.
Камерундық футболшы бұрыннан "Қызыл сойқандардың" назарында болып келеді, алайда "Брайтон" жұлдызды ойыншысын жіберуге асығар емес және жоғары өтемақы талап етуде.
Белгілі инсайдер Фабрицио Романоның мәліметінше, "Манчестер Юнайтед” Балебаны 2026 жылғы жазғы трансфер терезесінің басты мақсаты ретінде белгілеген. Ойыншының өзі де бұл ауысымға қызығушылық білдіріп отыр.
Transfermarkt дерегінше 21 жасар жартылай қорғаушының құны 60 миллион еуро. Дарынды футболшының "Брайтонмен” қазіргі келісімі 2028 жылға дейін жасалған.