24 қараша, дүйсенбі күні "Манчестер Юнайтед" өз алаңында "Эвертонға" қарсы матч өткізеді, деп хабарлайды Aladop.kz.
"Бұл біз үшін жеңілірек, бірақ жанкүйерлер үшін демалыс күндері ойнағанды қалайтын едік. Бұл өте маңызды. Мен түсінемін, бұл бизнес және біз телеарналардың мүдделерін құрметтеуіміз керек, өйткені олар бізге үлкен қаражат әкеледі. Бірақ демалыс күндерінде ойын өткізу маған көбірек ұнайды." – деді Португалиялық жаттықтырушы.
Қазіргі таңда “Қызыл сойқандар” 11 ойыннан кейін 18 ұпаймен, турнир кестесінде 10-орында тұр.