“Манчестер Юнайтед” бас бапкердің қарсылығынан кейін Amazon-мен сериал түсіру туралы келісімді бұзды

08.07.2025, 12:00

Ағылшынның "Манчестер Юнайтед" клубы Amazon компаниясымен келіссөздерді тоқтатты. Бұған дейін тараптар клубтың ішкі өмірі мен сахна сыртындағы сәттерді көрсететін деректі сериал түсіру жобасын талқылаған еді. Бұл келісім Amazon тарихындағы ең қымбат жобалардың бірі болуы мүмкін болған.

“Манчестер Юнайтед” бас бапкердің қарсылығынан кейін Amazon-мен сериал түсіру туралы келісімді бұзды

The Athletic журналисі Давид Орнштейннің хабарлауынша, келіссөздер бірнеше ай бойы жүргізілген, алайда кейіннен тоқтатылған. Ақпарат көздерінің мәліметінше, сериал түсіруге клубтың бас бапкері Рубен Аморим қарсы болған.

Португалиялық маман 2024 жылдың қарашасынан бері "Манчестер Юнайтед” командасын жаттықтырып келеді. Бұған дейін ол Португалияның "Спортинг” клубында жұмыс істеген. Өткен маусымда “Қызыл сойқандар” Премьер лигада 38 ойыннан кейін 42 ұпай жинап, 15-орынмен маусымды аяқтаған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×