The Athletic басылымының хабарлауынша, "Манчестер Юнайтед" клубы Антони, Маркус Рашфорд, Джейдон Санчо, Алехандро Гарначо және Тайрелл Маласиа сынды ойыншыларға күндізгі сағат 17:00-ге дейін клуб базасына келуге тыйым салған. Сонымен қатар, бұл футболшылардың негізгі командамен бірге жаттығуына да рұқсат берілмеген.
Мұндай шектеулер арқылы клуб аталмыш ойыншыларға енді олармен жұмыс жасамайтынын және басқа команда іздеуі керектігін астарлап жеткізуде.
Дегенмен, клуб ішінде мұндай әдісті қолдамайтындар да бар. Олар бұл тәсіл аталған футболшылардың трансферлік құнын төмендетіп жіберуі мүмкін деп алаңдаулы.
Басқа бір топ керісінше, бұл әрекетті қолдайды. Олардың пікірінше, бұл қадам бас бапкер Рубен Аморим орнатқан қатаң тәртіп пен жоғары стандарттардың орындалуын білдіреді.