“Манчестер Юнайтед” “Брентфорд” шабуылшысы Брайан Мбумоны 71 миллион еуроға сатып алды

19.07.2025, 15:30

“Манчестер Юнайтед” "Брентфордтың" шабуылшысы Брайан Мбумо үшін 71 миллион еуро төлеуге келісті.

“Манчестер Юнайтед” “Брентфорд” шабуылшысы Брайан Мбумоны 71 миллион еуроға сатып алды

Камерундық футболшы Рубен Аморимнің негізгі трансферлік мақсаттарының бірі болған. Бас бапкер шабуыл шебін күшейтуді көздеп отыр.

Клубтар арасындағы бір айдан астам келіссөздерден кейін “Қызыл сойқандар” ақыры 25 жастағы шабуылшыны сатып алу үшін "Брентфордпен" ортақ келісімге келді. Бұған дейін “Манчестер Юнайтедтің” екі ұсынысы қабылданбаған еді.

"Брентфорд” клубы талаптарын берік ұстанып, 65 миллион еуро сұрады. Нәтижесінде екі клуб келісімге келіп, мәміле сәтті аяқталды. "Юнайтед” 65 миллион еуроны төрт бөлікпен төлейді, ал қосымша 6 миллион еуро бонус ретінде қосылуы мүмкін.

Мбумо “Арсенал”, “Тоттенхэм” және “Ньюкасл” сынды Чемпиондар лигасына қатысатын клубтардың ұсыныстарын қабылдамай, “Манчестер Юнайтедті” таңдап отыр.

Енді тараптар трансферді ресми түрде аяқтауға кіріседі. “Манчестер Юнайтед” алдағы сейсенбіде АҚШ-тағы маусым алдындағы ойындарына аттанады.

Мбумо Рубен Аморимнің шабуылды жандандыру жоспары аясында “Вулвздан” 62,5 миллион еуроға келген Матеус Куньядан кейінгі екінші маңызды трансфер.

Брайан Мбумо өткен маусымда Премьер лигада 20 гол соғып, үздік бомбардирлер қатарында болды. Одан тек Мохамед Салах (29), Александр Исак (23) және Эрлинг Холанд (22) ғана көп гол соққан.

Ол Аморимнің 3-4-3 схемасындағы оң жақтағы “номер 10” позициясында ойнайды деп күтілуде, ал Кунья сол жаққа жауапты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×