“Манчестер Юнайтед” “Ливерпульді” Энфильдте тізе бүктірді

19.10.2025, 22:45

Ағылшын Премьер лигасының 8-турында күтпеген нәтиже тіркелді. "Манчестер Юнайтед" "Ливерпульді" өз алаңында 2:1 есебімен ұтты.

“Манчестер Юнайтед” “Ливерпульді” Энфильдте тізе бүктірді

Қонақтар есепті ерте ашты, кездесудің 2-минутында Брайан Мбемо қақпаны дәл көздеп, Манкуниандықтарды алға шығарды. Матч барысында "Ливерпуль” бірнеше сәтті шабуыл ұйымдастырғанымен, "Юнайтедтің” қорғанысын бұза алмады.

Тек 78-минутта Коди Гакпо есепті теңестірді. Бірақ тең есеп көпке созылмады, 84-минутта қорғаушы Гарри Магуайр гол соғып, командасына жеңіс сыйлады.

Осылайша, Рубен Аморим шәкірттері тарихи қарсыласынан сырт алаңда маңызды үш ұпай еншіледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×