“Манчестер Юнайтедтің” жаңа жаттығу базасы тамыз айында ашылады

18.07.2025, 13:30

The Times басылымының хабарлауынша, құны £50 миллион тұратын "Манчестер Юнайтедтің" жаңа жаттығу базасы 4 тамызда, Рубен Аморимнің командасы АҚШ-тан оралған кезде дайын болады. Соңғы бір жыл бойы футболшылар академия алаңдарында жаттығып жүрген, өйткені Каррингтондағы негізгі ғимарат толықтай қайта жөндеуден болды.

“Манчестер Юнайтедтің” жаңа жаттығу базасы тамыз айында ашылады

Дереккөз мәліметінше, жаңа кешенде заманауи медициналық орталық, криокамералар, жаңартылған спортзал мен қалпына келу аймағы бар. Жоғарғы қабатта демалыс орны мен шаштараз орналасқан. Бұл – елдегі толыққанды барбершопы бар алғашқы жаттығу базасы.

Клубтың әкімшілік қызметкерлерінің бір бөлігі "Олд Траффордтағы” кеңседен осы жерге көшіріледі. "Манчестер Юнайтед" Каррингтонды негізгі операциялық орталыққа айналдыруды жоспарлап отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×