“Манчестер Сити” 2:0 “Эвертон” Асау сары тағы да голдарын жаудырды

18.10.2025, 21:12

Эрлинг Холландты тоқтату бүгінде мүмкін емес сияқты. Ол екінші таймда екі гол соғып, "Манчестер Ситиге" "Эвертоннан" жеңіс әкелді. Осылайша Норвегиялық жұлдыз маусымдағы 13 ойында 23 голға жетіп отыр.

“Манчестер Сити” 2:0 “Эвертон” Асау сары тағы да голдарын жаудырды

Ойынның алғашқы бөлігінде доп иелігі айқын "Ситиде” болғанымен, алғашқы нақты мүмкіндік Эвертонға тиді. 15-минутта Илиман Ндияе оң қапталдан тамаша өтіп, Бетоға тамаша пас берді, бірақ шабуылшы қақпаға дәл бағыттай алмады.

Көп ұзамай Джейк О’Брайен өз қақпасына гол соғып ала жаздады, оның баспен ұрған добы Холандтың қысымымен көлденең бағанға тиді. Ал "Эвертон” қақпашысы Джанлуиджи Доннарумма Ндияенің тағы бір соққысын қайтарып, командасын құтқарып қалды.

Тайм соңына қарай "Этихад” көрермендері сәл қобалжып үлгерген еді. Бірақ бәрі 58-минутта өзгерді.

Нико О’Райлидің айып алаңына асырған добына Хааланд баспен дәл соққы жасап, Пикфордты қимылсыз қалдырды. 

Бес минуттан соң тағы да сол сценарий, сол қанаттан келген пас, қорғаныстың қателігі және Холандтың сол аяғымен жасаған керемет соққысы — 2:0.

Осы екі гол матч тағдырын шешті. Холанд хет-трик жасауға жақын болды, бірақ Пикфорд бірнеше рет шеберлік танытты. Дегенмен, Норвегиялықтың дублі "Ситиді” Премьер лига көшіне шығарды.

Холанд АПЛ-да қатарынан алтыншы матчта гол соқты. Бұған дейін ол "Брайтон", "Манчестер Юнайтед", "Арсенал", "Бёрнли", "Брентфорд” қақпаларына гол соққан еді.

Оның келесі қарсыластары – "Астон Вилла”, "Борнмут", "Ливерпуль", "Ньюкасл" және "Лидс". Егер осы қарқынмен жалғастырса, ол Джейми Варди орнатқан 11 ойын қатарынан гол соғу рекордын жаңартуы мүмкін.

"Сити" соңғы уақытта қорғаныста тұрақтылыққа қайта келе бастағанымен, бұл матчта Родридің жоқтығы сезілді. Ортаңғы аймақтан қысым жетіспеді, ал жаңа қорғаныс төрттігіне бейімделу байқалды.

Абдукодир Хусанов пен Райан Айт-Нури жарақатына байланысты алаңға шыға алмады. Сол себепті Матэуш Нуньес пен жас О’Райли қорғаушы рөлін атқарды. Ал ұзақ үзілістен кейін алғаш рет бастапқы құрамға оралған Натан Аке бірнеше рет Бетоға қарсы күресте әлсіз көрінді.

Дегенмен, үзілістен кейін команда тәртіп орнатып, төртінші мәрте қатарынан қақпасына гол айырылмады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×