
Жазғы трансферлік терезе енді ғана ашылғанымен, “Манчестер Сити” екі күн ішінде қатарынан төрт ойыншыны қатарға қосты.
Алғашқылардың бірі болып “Челси” клубынан еркін агент ретінде келген қақпашы Маркус Беттинелли “Қалалықтармен” бір жылдық келісімшартқа отырды.
“Вулверхэмптон” командасынан келген Раян Айт-Нури үшін “Сити” шамамен 31 миллион фунт стерлинг және қосымша бонус ретінде 5 миллион фунт көлемінде қаражат төледі. 23 жастағы Алжирлік қорғаушы 5 жылдық келісімге қол қойып, 2030 жылға дейін клуб сапында өнер көрсететін болады.
Франциялық “Олимпик Лион” клубынан келген Раян Черки бұл трансферлік терезенің басты тосынсыйларының бірі. "Сити” бұл ойыншы үшін 30.5 миллион еуро төлеп, қосымша табысқа байланысты бонустар қосуға келіскен. Ол да 2030 жылға дейін клуб құрамында қалмақ. Черки өткен маусымда 12 гол және 20 ассистпен көзге түсіп, Еуропалық скауттардың назарына түскен еді.
“Милан” сапынан алынған Тиджани Райндерс әзірге “Ситидің” осы жаздағы ең қымбат трансфері. “Сити” Нидерландиялық орталық жартылай қорғаушы үшін 55 миллион фунт стерлинг (қосымша 15 млн бонус) төлеген. 26 жастағы бұл ойыншы өткен маусымда “Милан” құрамында 15 гол соғып, 4 ассист жасаған.
Біздің серіктес: FONBET