«Манчестер Сити» Аргентина құрамасының шабуылшысын сатып алмақ

23.01.2022, 03:14
Англиялық клуб 16 миллион еуро ұсынып отыр.
«Манчестер Сити» Аргентина құрамасының шабуылшысын сатып алмақ

«Манчестер Сити» «Ривер Плейттен» аргентиналық шабуылшы Хулиан Альваресті сатып алуға жақын. Бұл туралы Фабрицио Романо хабарлады.

Дереккөздің хабарлауынша, «қалалықтар» ойыншы үшін 16 миллион еуро ұсынса, «Ривер Плейт» 21 миллион еуро алғысы келеді. «Манчестер Сити» Альвареске бес жылдық келісім-шарт ұсынуға дайын.

«Манчестер Юнайтед» ойыншыға қызығушылық танытқанымен, өтемақыда көрсетілген соманы төлегісі келмеді. Альварес Аргентина чемпионатындағы үздік сұрмерген болып табылады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×