«Манчестер Сити» «Барселона» футболшысына көз тікті

13.05.2022, 16:53
Футболшыны «қызыл сойқандар» 80 миллион еуроға сатып алуға дайын тұр.
«Манчестер Сити» «Барселона» футболшысына көз тікті

«Барселонаның» жартылай қорғаушысы Френки де Йонг «Манчестер Ситиге» ауысуы мүмкін, деп хабарлайды ESPN порталы.

Дереккөздің мәліметінше, «Манчестер Ситидің» бас бапкері Хосеп Гвардиоланың жеке өзі 25 жастағы голландиялық футболшыға қызығушылық танытуда. Испаниялық маман жартылай қорғаушыны 2019 жылы «Аякста» жүрген кезінде сатып алуға тырысқан екен.

Бұған дейін Жерар Ромеро де Йонгты «Манчестер Юнайтедтің» 80 миллион еуроға сатып алатынын хабарлаған болатын.

Осы маусымда Де Йонг «Барселона» үшін 45 ойынға қатысып, 4 гол соқты, 5 нәтижелі пас берді. Жартылай қорғаушының каталондық клубпен келісім-шарты 2026 жылдың 30 маусымына дейін есептелген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×