"Манчестер Сити" басына қара бұлт үйірілді

13.11.2018, 07:36
"Манчестер Сити" басына қара бұлт үйірілді
ФИФА "Манчестер Сити" командасына тағылған айыптарға қатысты іс қозғады. Өткен аптада Еуропадағы бірнеше басылым ағылшындық клубтың қаржылық қитұрқылықтарға қалай барғанын, «фейр-плей» бағларламасын қалай аттап өткенін жарыса жазды. Мысалы, соңғы ақпараттарда "Манчестер Ситидің" даниялық «Норшелланн» клубымен келісім-шартқа отырғаны баяндалады. Дат клубының қара құрлықта өз академиясы бар.  Яғни, келісімге сәйкес "Сити" Африкалық ойыншыларды 2020-шы жылға дейін тегін алуына болады. Ал «Норшеллан» бұл іске барынша мүмкіндік жасауы тиіс. Алайда мұндай жағдайда ағылшын командасы ойыншыға иелік етуші үшінші тарап болып есептеледі. ФИФА 2015-ші жылдан бері мұндай келісімдерге қатаң тыйым салған. «Манчестер Сити» футболшылардың жалақысына қатысты да жалған ақпарат беріп келген. Тіпті кейбір ойыншыларды өз қатарына қосу үшін қомақты ақша уәде еткен. Қазір аталған айыптарға қатысты тексеру жұмыстары жүріп жатыр.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×