«Манчестер Сити» бір ғасыр бұрынғы рекордын қайталады

14.02.2021, 19:18
АПЛ командалары Эдерсон қақпасының осал тұсын таба алмауда.
«Манчестер Сити» бір ғасыр бұрынғы рекордын қайталады

Күні кеше "Этихад" стадионында "Манчестер Сити" "Тоттенхэмді" қабылдады. Кездесу 3:0 есебімен алаң иелерінің пвйдасына шешілді.

Sky Sports басылымының хабарлауынша, 1902 жылдан бері "қалалықтар" алғаш рет өз алаңында өткізген (қатарынан) алты матчта гол жібермей, клубтың рекордын қайталады. Сонымен қатар Хосеп Гвардиола шәкірттері барлық турнирлерде қатарынан 7 матчта гол жібермеді, "Манчестер Сити" мұндай жетістікке 1946-1947 жылғы маусымда қол жеткізген.

"Манчестер Сити" 23 матчта 53 ұпай жинап, Англия Премьер-лигасының турнирлік кестесінде сенімді түрде көш бастады. "Тоттенхэм" (36 ұпай) - 8 орынға жайғасты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×