"Манчестер Сити" "Челсиден", "Арсенал" "Ливерпульден" есе қайтарды.

17.02.2014, 19:01
 "Манчестер Сити" "Челсиден", "Арсенал" "Ливерпульден" есе қайтарды.
Манчестер Сити берет реванш у Челси в матче Кубка Англии Осыдан екі аптадай бұрын "қалалықтар" мен "ақсүйектер" кездескенде Жозе шәкірттері жеңіске жеткен болатын. Міне, енді Пеллергини шәкірттерінде кеткен есені қайтарар күн туды. Бұл чемпионат емес, сарапқа салынатын 3 ұпай емес, ал Англия кубогінің ширек финалына жолдама.  Өткен екі раундтарда "Челси" "Дерби Каунти" мен "Сток Ситиден" айласын асырса, "Манчестер Сити" Чемпионшиптегі "Блэкберн" және "Уотфордты" жеңген еді. Англия кубогінде екі ұжым 4 рет жүздесіп, манчестерліктер 3 мәрте жеңсе, лондондықтар 1 рет қана жарыс жолын ары қарай жалғастырған. Ойын жанкүйерлер күткендей тартысты бола қойған жоқ. Әр таймда бір-бір голдан тоғытқан "қалалықтар", сенімді жеңіске жетті. Бірінші таймда Стеван Йоветич гол салса, екінші таймда Самир Насри гол салды. Жеңіс тойын тойлаған "Манчестер Сити", кубоктің ширек финалына жолдама алды. Енді Пеллегрини шәкірттері "Барселонамен" кездесуге дайындалуда. "Челси" жарыс жолын тоқтатып, енді бар күштерін Примьер-Лига мен Чемпиондар Лигасына жұмсайды. Примьер-Лига мен Англия кубогін салыстыруға келмесе де, Пеллегрини Жозеге кеткен есесін қайтарды.

Англия кубогі. 1/8 финал.15 ақпан. Манчестер.

Стадион "Эттихад".

 
Манчестер Сити- Челси - 2:0 (1:0)
 Йоветич, 16(1:0). Насри, 67(2:0). 
Манчестер Сити Челси
Пантилимон Чех
Сабалета Иванович
Компани, Кэхилл
Лескотт Давид Луис
Клиши Аспиликуэта
Хави Гарсия, Микел
Туре Матич
Милнер Рамирес, 61
Йоветич, 61  Азар
Сильва, 69 Виллиан
Джеко, 81 Это, 46
Ойын барысында алаңға шыққандар:
Насри, 61 Салах, 46
Хесус Навас, 69 Фернандо Торрес, 61
Негредо, 81 Оскар, 71

 

   
   
   

 

Кеткені есені "Арсенал" да қайтарды. Бір апта бұрын "Энфилд" стадионында "зеңбірекшілердің" тас-талқаны шыққан болатын. Жан алып, жан беріскен ойында Арсен Венгер баптайтын жігіттер қонақтарды минимальды жеңді. Алаңда тең ойын болғанымен, сәттілік алаң иелерінің жағында болды. Кездесудің қаһарманы-Алекс Чемберлен. Бір голға айналған пас, бір гол. Ал, "Ливерпуль" сапынан Джеррард пенальтиден гол тоғытты. Енді "Арсенал" ширек финалда мерсисайдтік екінші клубпен, яғни "Эвертонмен" кездесетін болады.

Англия кубогі 1/8 финал. 16 ақпан. Лондон.

Стадион "Эмерейтс".

 
Арсенал - Ливерпуль- 2:1 (1:0)
 Чемберлен, 16(1:0). Подольски, 47 (2:0). Джеррард, 59 (2:1, пенальтиден).
Арсенал Ливерпуль
Фабяньски Джонс
Дженкинсон Флэнэгэн
Косельни, Аггер
 Мертесакер Шкртел
Монреаль Сиссоко, 62
 Фламини Стерлинг
Артета Аллен
Чемберлен, 76  Джеррард
 Озил Коутиньо
 Подольски, 69 Старридж
 Саного, 88 Суарес
Ойын барысында алаңға шыққандар:
 Санти Касорла, 69 Хендерсон, 62
 Гиббс, 76  
 Жиру, 88)  

Ескертулер:

   
   
   

 

Фараби ӘБДІХАЛЫҚ
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Келесі жаңалық
Неміс Бундеслигасы
Серіктес жаңалықтары
×