«Манчестер Сити» дүкеннен Бенджамин Мендиге қатысты заттарды алып тастады

14.09.2021, 22:52
Футболшы дәл қазір Ливерпульдегі түрмеде отыр даген ақпарат бар.
«Манчестер Сити» дүкеннен Бенджамин Мендиге қатысты заттарды алып тастады

"Манчестер Сити" интернет-дүкенінен зорлық-зомбылық үшін айыпталған Бенджамин Мендиге қатысты барлық заттарды алып тастады.

The Telegraph-тың хабарлауынша, ойыншының профилі клубтың сайтында әлі де бар, бірақ онымен байланысты тауарлар жоқ. Мысалы, дәл қазір клубтың интернет-дүкенінде Менди деген жазуы бар жейдені сатып алу мүмкін емес. "Манчестер Сити" бұл жағдайға әлі түсініктеме берген жоқ.

Бұған дейін Бенджамин Менди кәмелетке толмаған қызға зорлық көрсетті деген айыппен тұтқындалған болатын. Ал "Манчестер Сити" футболшыны тергеу аяқталғанға дейін командадан шеттеткен.

Нәтижесінде Менди қамауға алынып, Ливерпульдегі HMP Altcourse түрмесіне қамалды. Сот футболшыны кепілдікке босатудан бас тартып, қамауда ұстау мерзімін 24 қаңтарға дейін ұзартты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×