«Манчестер Сити» Эрлинг Холандқа рекордтық жалақы ұсынды

17.03.2022, 01:22
Холанд «Ман Ситиге» ауысса, АПЛ-дегі ең көп жалақы алатын ойыншы атанады.
«Манчестер Сити» Эрлинг Холандқа рекордтық жалақы ұсынды

«Боруссия Дортмундтың» шабуылшысы Эрлинг Холанд «Манчестер Ситиге» ауысса, Ағылшын Премьер-лигасындағы ең жоғары жалақы алатын ойыншы болады, деп хабарлайды Daily Mail.

Дереккөздің айтуынша, «қалалықтар» шабуылшыға апталық жалақысы 600 мың еуроны құрайтын келісім-шарт ұсынған.

Бұған дейін «Манчестер Ситидің» норвегиялық шабуылшыны сатып алуға қаржылық мүмкіндіктерінің бар екені хабарланған болатын.

Эрлинг Холандтың дортмундтық клубпен қазіргі келісім-шарты 2024 жылы аяқталады. Шабуылшыға «Реал Мадрид» пен «Барселона» да қызығушылық танытуда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×