"Манчестер Сити" фэйр-плей ережесін бұзды

12.03.2019, 03:09
"Манчестер Сити" фэйр-плей ережесін бұзды
Англияның «Манчестер Сити» клубы УЕФА-ның назарына ілінді. Еуропа футбол қауымдастығы қаржылық фэйр-плей ережесінің бұзылуына қатысты мәселе бойынша тексеру жұмыстарын бастады. УЕФА-ның қаржылық бақылау жөніндегі тәуелсіз тергеу палатасы ресми тексеру ісін ашқандарын хабарлады. Әзірге УЕФА тарапынан ешқандай мәлімдемелер берілмейді. Бұған дейін түрлі бұқаралық ақпарат құралдары «Манчестер Ситидің» қаржылық фэйр-плей ережесінен аттап өтіп, сыбайлас жемқорлыққа жол бергенін жазды. УЕФА 2014 жылы осы жағдайға байланысты командаға 49 миллион фунт айыппұл салған еді. «Манчестер Сити» осы қаржының тек жартысын төледі. Қалған сома тек ескерту ретінде болды.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×