"Манчестер Сити" Германия құрамасының ойыншысымен келісім-шарт мерзімін ұзартты

08.08.2019, 22:15
"Манчестер Сити" Германия құрамасының ойыншысымен келісім-шарт мерзімін ұзартты

Биылғы трансферлік кезеңде бірнеше мықты футболшыны сапына қосқан Пеп Гвардиола командасы құрамдағы өзге де тәжірибелі ойыншыларды сақтап қала алды. Бұл қатарда "бундестимнің" ойыншысы Илкай Гюндоганмен арадағы келісім шартты ұзартқанын айта кеткен жөн.

Енді "Манчестер Ситидің" жартылай қорғаушысы Илкай Гюндоган клубпен келісім-шартын 4 жылға ұзартты. Бұл туралы клубтың ресми сайты мəлімдеді.

Айта кетейік, Германия құрамасының ойыншысы Англия чемпиондарының қатарын 2016 жылдың жазында толықтырған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Келесі жаңалық
АПЛ басталды!
Aladop Youtube
×