
Клуб басшылығы Бельгиялық жартылай қорғаушы Кевин Де Брюйне командадан кеткеннен кейін оның командаға деген еңбегін бағалап, мәңгі есте сақтау мақсатында бұл шешімді қабылдаған.
Де Брюйне "Сити" сапында 2015 жылдан бері ойнап келеді және осы аралықта клубқа бірнеше рет Премьер лига, Чемпиондар Лигасынан тартып көптеген трофейлерді жеңіп алуға көмектесті.
Ескерткіш Этихад стадионының жанында орналасады, және ол Винсент Компани, Давид Сильва және Серхио Агуеро ескерткіштерінің қатарына қосылады.
Өнер Айболат
Біздің серіктес: FONBET