“Манчестер Сити” Хусановты алаңға шығарып, АПЛ-дың алғашқы ойынында төрт гол соқты

17.08.2025, 14:50

"Манчестер Сити" Ағылшын премьер лигасының жаңа маусымын ғаламат жеңіспен бастады. Хосеп Гвардиола шәкірттері сырт алаңда "Вулверхэмптонды" 4:0 есебімен ойсырата жеңді.

“Манчестер Сити” Хусановты алаңға шығарып, АПЛ-дың алғашқы ойынында төрт гол соқты

"Қалалықтар” ойынның толық тізгінін өз қолына алып, екі таймда да басым болды. Есепті 34-ші минутта Эрлинг Холанд ашты. Бар болғаны үш минуттан кейін Тиджани Рейндерс таблодағы айырманы еселей түсті. Екінші таймда Норвегиялық форвард дубль жасап, ал матч соңына таман Райан Шерки соңғы нүктені қойды.

82-ші минутта "Сити” сапындағы Өзбекстан құрамасының қорғаушысы Абдукодир Хусанов Джон Стоунздың орнына алаңға шықты.

Бұл жеңістің арқасында "Манчестер Сити” голдар айырмасы бойынша "Ливерпульді" артқа тастап, турнир кестесінде көш бастады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×