«Манчестер Сити» мен «Манчестер Юнайтед» дербиінде кім басым?

09.12.2012, 00:29
«Манчестер Сити» мен «Манчестер Юнайтед» дербиінде кім басым?

Ертең Алматы уақытымен 19:30-да Англия премьер-лигасындағы басты кездесу ойналады. Әлемдегі ең әлеуетті екі ұжымның арасындағы ойынға пікір білдірушілер де жеткілікті. Солардың бір қатарын сайт бетіне шығаруды жөн санадық. Әр клубтың фанаттары айтып өткен пікірлерге қарап, өз ойыңызды қорытып бәс тіксеңіз де болады. Ең бастысы, букмекерлік кеңселерге қарсы ойнауымыз керек. Көптеген қазақ жігіттерінің кеткен қарымын қайтаруды көздегендіктен, барынша дұрыс болжамдар ұсынуды жөн санаймыз.

Ермұхамед МӘУЛЕН, «МЮ фанаты»: Мен «МЮ» жанкүйерімін. Сондықтан да менің ойымша басымдылық «МЮде» болмақ. Бұл екі команданың арасындағы теке тірес үнемі тартысты өтеді. Есте қалары осыдан біраз жыл бұрын «МСити» өз алаңында 2:1 есебімен жеңіп тұрып, жеңісті жіберіп алғаны. Крэйг Белламидың Рио Фердинанд жасаған қателікті керемет пайдаланғанын көрген едік сол кезде. Дегенмен, Сэр Алекс шәкірттері соңына дейін тырмысып, үш ұпайды қоржынға салған еді. Ол кезде «МС» «МЮға» аса қатты бәсекелес емес болатын. Ал ендігі жағдай өзгеше. Екі клуб жыл сайын чемпиондық атаққа таласуда. Нани мен Андерсоннан басқаларының барлығы да ойынға шыға алатын жағдайда. «Қызыл сойқандар» әр кездесуде кем дегенде екі гол соғады. Менің ойымша, Руни мен Ван Перси екеуі «МЮға» жақсы жағдай қалыптастыра алады. Ойымдағы есеп 1:2. Дегенмен де, ойын барысында не түрлі дүниелер орын алуы әбден ықтимал. Букмекерлер беріп отырған Тотал (2) көп бәсі келіп қалуы әбден ықтимал. Егер 100 мың қойсаңыз, алғашқы таймнан соң 31 мың теңге ұтып алуыңыз бек мүмкін. Еркебұлан БАЙБАЛАЕВ, «МС» фанаты: «Этихад стэдиумда» Юнайтедке оңай болмасы анық. Екі командада гол соғуды жақсы меңгерген ұжымдар. Ойынға беріліп отырған тотал көп болатын секілді. «Юнайтедке» байланысты айтар болсақ, ол команда көп гол соғып, көп гол жібереді. Ал «МС» жеңіске жеткен кездесулерінде 1-2 голмен де шектеле салатын әдіті бар. 2:2     Жандос БАЙДІЛДА: «Челси» фанаты: «Манчестер Сити» Еуропа жарыстарынан шет қалды. Енді олардың АПЛ-дан басқа бас ауыртар мәселесі жоқ. Сондықтан, бүгін «Ман.Сити» ұтады 2:0.           Руслан БАҚЫТЖАН, «РЕАЛ» фанаты:

Ертеңгі болатын Манчестердеги дербиде қос команда да аянып қалмас. Ағылшын премьер-лигасында бірінші және екінші орындарды бөлісіп тұрған қалалықтар мен қызыл сойқандардың ойыны тартысты болары хақ. «Сити» жеңсе Фергюсон шәкірттерімен ұпайлары теңеседі. Күні кеше ғана Чемпиондар лигасымен қош айтысқан «Манчестер Сити» ойыншылары ертеңгі ойында жеңіске жетуге тырысып, онсыз да қабақтарынан қар жауған шейх қожайындарын қуантуға ұмтылады. Ойын нәтижесі 1-0 «Сити» жеңеді деп ойлаймын.

  Нұршат ТӨКЕН, "МС" фанаты:

Бұл ойын тек қана таза ақсүйектердің тамашалайтын ойыны болмақ. Өткендегі "Тоттенхэммен" болған ойынынан-ақ олардың оңай шағылар жаңғақ еместігі мәлім болды. "МЮ" мен болар ойын тартысты өтері даусыз. Бұл түн қара маржан Балотеллидың "М Ситидің" құтқарушысы жұлдызы болуына мүмкіндік бар. Қалайда ұпай алу үшін екеуі де аянып қалмасы белгілі. Есеп 2-1.

     
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×